Мектеп тарихы

 

№ 116 орта  мектеп тарихы сонау 1946 жылы  «Жаңаталап» колхозында  қазіргі  Ақсу ауылы төңірегінде  бастапқыда  бастауыш  мектеп  болып  ашылғаннан басталады. Алғашқы  бастауыш  мектеп  жеке жер үйге  орналасты. Оның  іргесін  қалап  алғашқы  ұйымдастырушылар Әлібеков Зияддин, Дәулетбеков Шойынбайлар  болды. Дәулетбеков  Шойынбай  сол  мектептің меңгерушісі, онан  соң Әлібеков  Зияддин болды. Бұл  кез, әрине, соғыстан  кейінгі  ауыр  жылдар  болатын. 1946-50  жылдары СССР Министрлер Советінің қаулысына орай ұсақ колхоздарды  біріктіріп ірілендіру  басталды.Соған  орай  Ақсу  ауылдық  округіне  қарасты «Алғабас», «Жас қайрат», «Жаңаталап»,  «Ақарық» колхоздары  «Сталин» атындағы  колхоз  болып  ірілендрілді.Осыған  орай  бытыраңқы  орналасқан жоғарыдағы  колхоздардағы  адамдарды  бір  орталыққа  шоғырландыру  қолға  алынды. «Жаңаталап» бастауыш  мектебіне  «Энгельс» атындағы жетіжылдық мектебі аты  беріліп, оның  алғашқы  іргетасы Ақсу  ауылында  қаланды.Жетіжылдық  мектеп директоры  болып Аймаханов  Тұрақ  бекітілді.Мұғалімдері Дәулетбеков  Шойынбай,Әлібеков Зияддин,Қалыбеков  Зият, Ж.Крутова,Үрзипа  Ембергенова, Б.Оспановалар  болды.

             1950-51 оқу жылында мектеп  директоры  болып Ж.Ералин бекітілді. Мұғалімдері : Ким  Алексей, Есжанова, Қалжанов  Қайып және  басқалар  болды.Барлығы  11 мұғалім.

   1951-54 жылдары мектеп директоры  болып Қазыбеков  Қауыш қызмет  атқарды.

  1954-56  жылдары мектеп  директоры  болып Бақбергенов  Қожабай  атқарды.

   1954-69 жылдары  мектепте  Қазақ ССР-не еңбегі  сіңген  мұғалім Есаманов  Есіркеп математика  пәні жұмыс  істеді. Бұл  кісі мектептегі   тұңғыш  еңбегі  сіңген  мұғалім  атағы  алған  мұғалім  болатын.

  1956-57 жылдары Тығынбав Камал мектеп  директоры  болды.

   Қазақ ССР Жоғарғы  Советінің  1959 жылғы 28  наурыздағы  қаулысына  орай 1962 жылдан  бастап мектеп сегізжылдық  мектеп болып  қайта  құрылды. 1959  жылы қазіргі  мектеп  территориясынан жаңа мектеп  үйі  салынды.

  1957-60 жылдары мектеп  директоры  қызметін Төлегенов  Шайзат атқарды.

  1960-64 жылдары мектеп  директоры  қызметін  Жақыпов  Қамар атқарды.

  1964-69 жылдары  мектеп  директоры  болып Мырзалиев  Абылай қызмет  атқарды.

  1969-71 жылдары мектеп  директоры  болып Ермаханова Күлзипа қызметатқарды.

  1971-91 жылдары  мектеп  директоры  болып Бақбергенов  Қожабай  атқарды. Оқу  ісі жөніндегі орынбасарлары  болып Сүлейменов  Қалыбай, Нұрмұратов  Есентай, Қалжанов  Қайып, Досмағанбетов  Ноғайбай, Жалғасбаев Боранбай, Тұрғанов Жанай, Әбдікәрімов  Бақтыбай,Байниязов Есенгелділер атқарды. Тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарлары  болып Мұстаяпов  Болат, Ахметов  Серік, Байниязов Есенгелді, Шерипова  Несібелілер атқарды 1976  жыл мектеп  онжылдық  мектеп  болып  қайта  құрылды. 1976  жылы қосымша мектеп үйі  салынды.Көп  жылғы білім  саласында  жемісті  еңбегі  үшін мектеп  директоры Бақбергенов  Қожабайға  1987  жылы Қазақ ССР-не Еңбегі  сіңген  мұғалімі  атағы  берілді.1976  жылдан  бастап  мектеп пен өндірістік мекеме (Ақсу совхозы)  байланысы  нығайып  жақсы оқушыларға  еңбек  тәрбиесін  беруде жақсы жетістіктерге  жетті. Бітіруші  оқушылардың  басым  көпшілігі өндірісте  қалып жұмыс  істей  бастады. Мектепке   жаңа  заман  талабына  сай  ғимарат салып  беріп, оқу-материалдық  базасы  жақсарды. Мектептің  аты облыс, республика  көлеміне  танымал  бола  бастап  үздік мектептер  қатарына  қосылды.

 1991-98 жылдары  мектепті  Байниязов Есенгелді басқарды.1992 жылдан  мектеп онбір  жылдық  орта мектеп  болып қайта  құрылды. Оқу  ісі жөніндегі  орынбасарлары  болып Н.Шерипова, Б.Шілдебаевтар болса, тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасары  болып М.Әбуова, О.Орманов, Б.Сариевалар  қызмет  атқарды. Осы  жылдары мектеп  тарихында  алғашқы  болып үздік  аттестатқа  бітірушілер  қатары  мектепте  көбейе  бастады.   

     1998-99 жылы  Сүлейменов Кенжеқара мектеп  директоры болып  қызмет  атқарды.

Орынбасарлары  болып Байнияз Есенгелді, Сариева  Бақыттар  қызмет  атқарды.

    1999-2004 жылдары  мектеп  директоры болып Маншарипова Жұмагүл қызмет  атқарды.

Орынбасарлары  болып Байнияз Есенгелді, Сариева  Бақыттар  қызмет  атқарды.

   2004-2005 жылдары мектеп  директоры болып Жүсіпов Бауыржан  қызмет  атқарды.

Орынбасарлары  болып Байнияз Есенгелді, Сариева  Бақыттар  қызмет  атқарды. 2006 жылдың  қаңтар  айының 7-нен мектеп  директоры қызметін  Бақбергенов Нұржан  атқарып  келеді. Орынбасарлары  болып Байнияз Есенгелді, Сариева  Бақыт, Әбдиев Дархандар  қызмет  атқарып  келеді.

2017 жылдың қараша айынан бастап Е.Байнияз бен Б.Сариевалар зейнеткерлікке шықты. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап, оқу ісінің меңгерушісі А.Шаймова, ғылыми ісі жөніндегі орынбасары г.Әлиева  болып тағайындалды.            

Мектептің мемлекеттік  лицензиясы № ААN0011375. Мектеп ғимараты 464 орындық етіп,  1986 жылы салынып, пайдалануға берілді. Оқу кабинеті-17, информатика кабинеті -1, мультимедия кабинеті-1, мектепалды даярлық класы-1, шеберхана-1,тігін кабинеті-1, спорт зал-1, асхана-1, мәжіліс залы-1, медициналық кабинет-1,  кітапхана-1. Кітапханада кітап қоры  22900, кітапхананың оқу залында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында акциялар, мүшәйралар өткізіліп келеді. 2020 жылы мектепке физика, биология, химия кабинеттері келіп, пайдалануға берілді.

Ұжымда  мұғалім саны-59, жоғары білімді-56, арнаулы орта білімді-3, жоғарғы санатты-15, бірінші санатты-15, екінші санатты-6,санатсыз мұғалімдер-23.  Мектептегі ұстаздар 100% біліктілікті арттыру курстарынан өткен.  Қазақстан Республикасы білім беру үздігі төсбелгісі -1, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің мадақтамасы-5, мектеп мұғалімдері облыстық білім департаменті,  облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ мадақтамасы мен аудандық білім бөлім мадақтамасымен марапатталды. Мектеп мұғалімдері түрлі кәсіби конкурстарға қатысып, аудандық, облыстық марапаттарға  ие болып келеді. Мұнда тәжірибелі ұстаздар жұмыс жасап, мектеп абыройын асқақтатып келеді.